chaivapv

«Атырау» газетіне жазылып, «Iphone11» ұтып алыңыз!

Газет және оқырман Жаңалықтар

Atr.kz/15 қараша, 2019 жыл. Ғасырға жуық тарихы бар облыстық «Атырау» газетін бәріміз де қызығушылықпен оқимыз, әр санын асыға күтеміз.

Уақытында келмей қалса, алаңдап отырамыз. Сол себептен, облыс кәсіпкерлерінің басылымға жаздыру туралы бастамасын қолдаймын. Алдағы жылы да «Атырауды» ұжымымызбен алдыратын болдық. Бұған қоса шаруашылық нысандарымыз орналасқан Ақжайық ауылдық округіндегі әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың газетке жазылуына демеушілік көрсетуді ұйғардық.

Қоныс ЕРМАНОВ,

«Дастан» шаруа қожалығының жетекшісі, Махамбет ауданы

***

Қойнауы құтқа толы қазыналы өлке баспасөзінің қарашаңырағы – облыстық «Атырау» газетіне алдағы жылға жазылу жөнінде ел ағаларының басылым бетінде көтерген Үндеуіне ауыл кәсіпкері, әрі халық қалаулысы ретінде үн қосып, қолдау білдіруді жөн көрдім. Отбасымызбен «Сидағалиев» шаруа қожалығының жұмысын жалғастырып келеміз. Бағымымызда төрт түліктің бәрі де бар.

Соңғы кездері асыл тұқымды мүйізді ірі қара шаруашылығын дамытуға бағыт ұстап отырмыз. Кәсібімізден нәсіп тауып, халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдауға үлесімізді қосудамыз. Әр жыл сайын мерзімді басылымдарға жазылу науқанында ауылдастарымның бір тобын облыстық «Атырау» және аудандық «Нарын таңы» газетіне өз қаражатымыздың есебінен жаздырамыз. Осы дәстүрімізді биыл да жалғастырып отырмыз.

Әнес САЙПИДЕНҰЛЫ,

шаруа қожалығының мүшесі, Исатай аудандық мәслихатының депутаты

Облыстық «Атырау» газетінің Бас редакторы И.БАЛМАҒАМБЕТОВКЕ Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы «Атырау» газетіне алдағы жылға белсенділікпен жазылуда. Біздің департамент қызметкерлері «Атырау» газетінің 50 данасын жаздырып алатын болады. Газет ұжымына шығармашылық табыс тілеймін.

Асхат ЕРЖАНОВ,

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған