Жарнама
Әлеумет

Жастарды қолдауға бағытталған жоба іске қосылды

Атырауда алғаш рет 18-35 жас аралығындағы NEET санатындағы жұмыссыз және кәсіби білім ала алмай жүрген жастарды қолдауға бағытталған «Isker Adamdar» жобасы іске қосылды. Бағдарлама Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының демеуімен, «Қоғамдық денсаулық сақтау институты» мекемесінің ұйымдастыруымен жүзеге асуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Мақсаты – жастарды еңбек нарығына бейімдеу және кәсіби бағыт-бағдар беру. Маусымда басталған жобаға онлайн түрде 534 жас тіркеліп, олардың ішінен 200 қатысушы іріктелінді.

⁃   Алғашқы кезеңде үш күндік тренинг өткізіліп, жастар кәсіпкерлік негіздері, заманауи маркетинг, жоба әзірлеу, психологиялық тұрақтылық, эмоцияны басқару, мақсат қою, жеке бренд қалыптастыру және аудиториямен жұмыс жасау бойынша білім алды. Бүгінде 9 бағыт аясында практикалық курстар оқытылып жатыр, - деді жоба жетекшісі Алуа Сыралиева.

Атап айтқанда: аспаз, шаштараз, барбер, бет әрлеу, бармен-бариста, массаж, сылақшы, жылыжай маманы және жиһаз құрастырушы мамандықтары қамтылған.

img 1260

Жоба тек оқыту шараларымен шектелмейді. Белсенділік танытқан 50 қатысушының әрқайсысына 250 000 теңге көлемінде құрал-жабдық түрінде грант ұсынылса, оның ішінде үздік деп танылған 10 жобаға 350 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі.

Барбер мамандығында оқып жатқан Айдана Бунескудың айтуынша, бұл жобаның жастарға берері мол.

  • Алдағы уақытта осы салада жұмыс істеп, кәсіби тұрғыда дамуды мақсат етемін. Болашақта бұл бағытқа SMM, таргетолог секілді заманауи, сұранысқа ие мамандықтар енгізілсе, өте тиімді болар еді,- деді ол.

Сонымен қатар қатысушылардың жобаларына тұрақты мониторинг жүргізіліп, өңірлік кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу жиындарының ұйымдастырылатынын да айта кетейік.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button