Жарнама
Әлеумет

Қайтарымсыз грант кімдерге тиесілі?

Бүгін 15-шілдеден бастап кәсіп ашу не оны дамыту мақсатында мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грантқа өтінім қабылдау басталды. Оған көпбалалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар адамдарды асыраушылар,асыраушысынан айырылғандар және қандастар құжат тапсыра алады.
Ол үшін:
-«Business.enbek.kz» порталына өтіп, тіркелу қажет;
-Грант алу шарттарының сәйкестігіне тексеруден өту;
-Бизнес-жоспардың үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу қажет;
-Өтінішті толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою;

ОНЛАЙН ӨТІНІШ БЕРУГЕ МҮМКІНДІК БОЛМАСА:

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, азаматтар тұрғылықты жері бойынша жергілікті Мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.

Грант көлемі 400 АЕК (1 476 800 теңге). Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Грантты қажетті құрал-сайман, еңбек құралдары, технологиялық жабдықтар, мал, жануарлар, құстарды, көшеттер мен бұталар, тұқымдар сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.

Өтінім қабылдау мерзімі: 2024 жыл 15-25 шілде аралығы.
Ескерту: Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

Айта кетсек, қайтарымсыз грантты 2023 жылы 268 адам алса, 2024 жылы бірінші легке өтінім тапсырған 141 тұрғынға берілді.

atyrau #грант

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button