Жарнама
Әлеумет

Өңірдің өткір проблемалары бар

Бүгінде Парламент Мәжілісінің депутаттары кезекті екінші сессиясындағы жұмыстарын аяқтады. Солардың қатарында Атырау облысынан сайланған халық қалаулысы Әділ Жұбанов та бар. Есепті мерзімде Мәжіліс депутаты не тындырды, қандай мәселелерді көтерді? 

Парламенттік тыңдаудың пәрмені қандай?

Депутаттың айтуынша, сегізінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің екінші сессиясы 2023 жылдың 1-ші қыркүйегі мен 2024 жылдың 28-ші маусымы аралығын қамтыды. Осы кезеңде Мәжілістің 39 жалпы отырысы өткізіліп, оның қарауына 179 заң жобасы ұсынылып, 102-сі қабылданған. Қазіргі кезде Мәжілістің қоржынында 71 заң жобасы бар. Мәжіліс депутаттары қаржы және бюджет комитетінің 51 отырысына қатысты. Заң жобаларына барлығы 159 түзету енгізілген.  Оның ішінде 54 түзету жұмыс топтарында мақұлданып, қабылданса, 37 түзету қаралып жатыр. 

Бірқатар заң жобалары бойынша белгіленген жұмыстар Үкіметпен бірлесе жүргізілген. Одан бөлек, бұл жолы үш парламенттік тыңдау өткізіліп, қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланыпты. Олар халықтың шамадан тыс несие алуын азайту, қаржылық сауатын арттыру, азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру,  экономиканың өңдеуші секторын дамыту мәселелеріне қатысты болды.

Үкімет сағатында неге назар аударылды?

– Сессия барысында барлығы 10 Үкімет сағаты өткізілді. Министрліктер мен ведомстволардың басшылары бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы туралы есеп берді. Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтарын іске асыру үшін 46 халықаралық шарт пен келісімді ратификацияладық. Соңғы уақытта Мәжілістегі партиялық фракциялар мен бір мандатты депутаттардың белсенділігінің артқаны аңғарылады. Парламенттегі пікірталас деңгейінің көтерілгені сөз жоқ, «Ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатының сәтті жүзеге асырылып отырғанының айқын көрінісі, — деді Мәжіліс депутаты.

Сауал мен сауап

Білгеніміздей, кезекті сессияда Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов өзінің атынан 7 жариялы депутаттық сауал жолдаса, 14 депутаттық сауалға қосалқы автор болыпты. Олар Атырау облысының қазіргі экологиялық жағдайы, салық саясатын жетілдіру, Атырау облысының бюджеті, зейнетақы мөлшері, салық жеңілдіктерінің тиімді әрі жүйелі тәсілдерін енгізу және мемлекеттік сатып алудың бірыңғай жүйесін құру, су тасқыны кезінде зардап шеккендерді қаржыландыру, НКОК  компаниясы тарапынан экологиялық нормалардың орындалуы төңірегінде туындаған. Бұл сауалдардың бәріне де тиісті жауаптар қайтарылған.  

Енді бірлесіп жолданған сауалдардың мазмұнына тоқталсақ, олардың маңыздылығы да алдыңғыларынан кем түспейтінін аңғару қиын емес. Бұл сауалдардың мазмұны төмендегідей: 

Кеден бөлімшелеріне құқық қорғау мәртебесін беру, геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция тарту көздері мен қаржы бөлу жұмыстары. Су тасқынына қатысты. Жаңа тұрғын үй бағдарламасын енгізу. Білім саласында миллиардтаған теңгені құрайтын қаржы жымқырудың көптеген фактілері. Су және суды үнемдеу проблемасын шешу шаралары. Тау-кен металлургия кешенінен шығатын қалдықтардың техникалық үлестік нормативтерін төмендету. Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару. Балық шаруашылығы саласын дамыту және жұмысшылардың еңбекақысын арттыру туралы. Дивидендтік саясаттағы жүйелік кемшіліктерді қайта реттеу.  

Бұл сауалдардың барлығына да тиісті мемлекеттік құрылымдар толыққанды жауап қайтарып, сәйкесінше көтерілген мәселелердің оң шешімін тапқанын да депутаттың өз аузынан естідік. 

Президент қол қойған заң жобалары

Заң жобаларын әзірлеу кезінде Әділ Орынбасарұлының өзі жетекшілік жасаған бір жобаға және жұмысшы тобының құрамында қатысқан 3 жобаға Президент қол қойған. Оған қоса жұмысшы тобының қатарында әзірленген 6 заң жобасы Сенаттың мақұлдауынан өтіп, Президентке қол қоюға жіберілген. Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі ретінде қараған 21 заң жобасының 11-не Президент қол қойып, 1-уі Парламент Сенатына жолданған. Осы жобалардың 3-і Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілсе, қазіргі уақытта 6 заң жобасы комитеттің қарауында жатыр. 

Жұмысшы тобында қаралып, Сенатта мақұлданып, Президенттің қолымен заңдық күшіне енген жобалардың санатында төмендегілерді атауға болады: 

1. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне жер қойнауын пайдалану саласын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы. Заңға Президент 2023 жылдың 28 желтоқсанында қол қойды.

2. «Еуразиялық  қайта  сақтандыру  компаниясын  құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы. Заңға Қазақстан Республикасының Президенті 2023 жылғы 7 қарашада қол қойды.

3. «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге  өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы. Заңға  Президент  2023  жылдың  19  желтоқсанында қол қойды.

Үшінші сессияда қандай мәселелер қамтылады?

Депутаттың айтуынша, алдағы қыркүйек айында басталатын Парламент Мәжілісінің үшінші сессиясының қарауына мынадай заң жобалары ұсынылады:

1. «Су кодексі», «Қазақстан Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне су ресурстарын қорғау  және  пайдалану  мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары.

2. Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі. 

3. «Қазақстан Республикасының  кейбір  заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы. 

4. «Акваөсіру туралы» заң жобасы. 

5. «Қазақстан  Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне  акваөсіру мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». 

6. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының  Үкіметі  арасындағы  экология және қоршаған ортаны  қорғау саласындағы  ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы. 

7. «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері  бойынша  өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы» заң жобасы. 

8. «Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы. 

9. «Қазақстан Республикасының  кейбір  заңнамалық актілеріне  қауіпсіз  еңбек  жағдайларын жетілдіру және қызметкерлердің еңбек құқықтарын  қорғау  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы. 

10. «Қазақстан Республикасының  Үкіметі  мен  Беларусь Республикасының   Үкіметі арасындағы Беларусь Республикасына мұнай және мұнай  өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық  туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы.

Бірлескен жұмыстың нәтижесі қандай?

Үкіметпен, министрліктермен бірлескен жұмыстың оң нәтижесін берері анық. Осы орайда тілге тиек етеріміз, Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов Үкіметпен бірлесе Атырау облысында шешімін таппай отырған әрі республикалық бюджеттен қаржыландыруды қажет ететін мәселелер бойынша талқылаулар жасап, бірқатар мәселелер оң шешімін тапты. Бұл мақсатта Премьер-Министрдің, Премьер-Министрдің орынбасарының, 8 салалық министрдің қабылдауында болып, тығыз жұмыс жасады. Облыс үшін маңызды 10 жоба республикалық бюджет есебінен қаржыландырылды. Салалық министрліктерге 60-тан аса депутаттық хат, 12 ұсыныс хат жолданды.

Азаматтарды қабылдау – ашықтық формуласы

Депутат Әділ Жұбановтың Мәжіліс қабырғасында және өңірлерде өткен жеке қабылдауларында 37 адам болды. Келіп түскен арыз, өтініштер бойынша жұмыстар жасалып, Бас прокуратураға, Жоғары сотқа және басқа да мемлекеттік  органдарға хаттар жолданған. Кейбір арыз-шағымдар демеушілік негізде қанағаттандырылған. 

Қабылдауда негізінен тұрғын үй құрылысы, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру, ауылдық жерлерде әлеуметтік нысандар салу, қалаішілік және ауылішілік автокөлік жолдарын салу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімсіздігі, жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың жұмыстарына шағым, сот шешімдеріне наразылық секілді мәселелер көтерілген.

Жариялы жұмыстың берері мол

«Жақсының аты – жария» демекші, қашан да көптің көкейіндегіні дөп басып, халқының қамын ойлап, жұртына жақын жүретін Мәжіліс депутаты Әділ Жұбановтың жұмысының жариялы болуының басты бір сыры – оның бұқарамен, БАҚ-пен тығыз байланысы. Оның айқын дәлелі жасаған жұмыстарының баспа және электронды ақпарат құралдарында, қалаберді әлеуметтік желілерде жиі және тұрақты көрініс табуы. Осылайша, халық қалаулысының депутаттық сауалдары мен сұхбаттары еліміздің түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов шілде, тамыз айларында Атырау облысында іссапармен болып, халықпен кездеспек. Мәжілістің алдағы 3 сессиясында қаралатын заңдармен халықты таныстырып, талқылау жұмыстары жүргізілетін болады. Егер тұрғындардың елдегі заңнаманы жетілдіру, Парламент, Үкімет жұмысына қатысты ұсыныстары, өңірдегі өзекті мәселелерге қатысты арыздары болса, Парламент Мәжілісінің депутаты Әділ Жұбановтың jubanov.sailau@gmail.com электрондық почтасына жолдауларына мүмкіндіктері бар.

Дәулетқали АРУЕВ

Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов қабылданған заң жобаларының бірқатарына тоқталды. Оның айтуынша, бірінші, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік тұрғыдан қорғау мәселесі заңмен шешілді. Екінші, елдегі қордаланған жылумен, электрмен жабдықтау саласындағы проблемаларды Парламент қабылдаған «Жылу энергетикасы туралы» заң аталған саладағы жағдайды біршама жақсарта түспек. Үшінші, Мәжіліс әзірлеген «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң мемлекеттік сатыпалым жүйесіндегі кемшіліктерді жойып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады.

Төртінші, букмекерлік кеңселер мен казиноларға қойылатын талаптар қатайтылып, онлайн-казино қызметін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілген. Борышкерлер мен алимент төлеушілердің ойнауына тыйым салатын «Ойын бизнесі туралы» заң қабылданып отыр. Бесінші, медицина қызметкерлерін қолдауға және жалпы денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған заң қабылданып, әлеуметтік кепілдіктер күшейтілді. Алтыншы, алғаш рет «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» дербес заң күшіне енді. 

Жетінші, Парламент депутаттары «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске асыру үшін заңнамалық базаны қалыптастырды. Сегізінші, Мәжілістің VIII сайланым депутаттары жер жәнежер қойнауы, барлық табиғи ресурстар халыққа тиесіліекендігі туралы конституциялық норманы нақты іске асырды. Енді жаңа ірі мұнай-газ кен орындарының 50 және одан дакөп пайызы мемлекетке тиесілі болмақ. Тоғызыншы, депутаттар бастама көтеріп, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпенкүресуге бағытталған түзетулер енгізіліп, осы саладағызаңнаманы едәуір қатайтты. Оныншы, халықтың шамадан тыснесие алуы мәселесін түбегейлі шешу үшін Мәжіліс несиеберу кезінде қауіп-қатерді барынша азайту және қарызалушылардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша заңның қабылдануын қамтамасыз етті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button