Жарнама
Әлеумет

Әлеуметтік нысандарға — айрықша назар

Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысындағы Президенттің сөзінен әлеуметтік сала нысандарының құрылысына айрықша назар аударылғанын аңғардық.

Тоқтала кетсек, биылдың өзінде елімізде 500 мың оқушыға арналған екі жүзден астам мектеп салу жоспарланған. Осыған байланысты “Барлық жерде тек «Жайлы мектеп» жобасы аясында мектеп салу міндетті емес. Бүгінде сапалы салынған қарапайым мектептерге де сұраныс жоғары. Соны қаперде ұстаған жөн. Үш жылда — 1300, соның ішінде ауылдағы 900 білім ордасын жаңғырту қажет. Жаңа оқу жылына дейін мемлекеттік және жекеменшік мектептің барлығы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы құралдармен жабдықталуға тиіс” деді Мемлекет басшысы.
Бұдан басқа денсаулық сақтау саласына да басымдық берілетінін білдік.

Айтылғанындай, бүкіл ел бойынша медицина инфрақұрылымын барынша дамыту жұмыстары жалғасады. Осы жылдың соңына дейін «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 188 медицина нысаны салынады.
Мұның бәрі әлеуметтік нысандарының құрылысына ерекше маңыз беріле бастағанын меңзегендей.

Нұрпейіс МАҚАШЕВ,

Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, Атырау облысының Құрметті азаматы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button