Жерлес қаламгерлер Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды
Бүгін Атырау өлкесінің әдебиетінде ақжолтай жаңалық орын алды. Меценат, жазушы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Жалғасқали Дүтмағанбетов пен ақын, аудармашы, Махамбет сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының батыс аймақтары бойынша хатшысы, ҚЖО Атыраудағы өкілі Әлия Дәулетбаева Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды.
Аталған сыйлық Әлия Бекежанқызына «Алматыдан алыста» жыр жинағы үшін, ал Жалғасқали Дүтмағанбетовке «Мәңгілік Махамбет» публицистикалық топтамасы үшін берілді.
«Алашты» арқалаған атыраулық ақын-жазушыларды біз де құттықтап, алдағы қадамдарына шығармашылық шабыт тілейміз.
Айта кету керек, Қазақстан Жазушылар Одағы тағайындаған Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы ең үздік туындылар авторлары мен қазақ әдебиетін насихаттауға атсалысқан шетелдік қаламгерлерге беріледі.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ