Қазақстанда Гендерлік мұқтаждықтар мен қажеттіліктер картасы пайда болады

2021 08 23 crop 376 46 485x646 0bba94222e387c8877a4269f045bb4ba 1280x720 Жаңалықтар

Білім беру, медициналық қызмет, Интернет барлық қазақстандықтар үшін қолжетімді ме? Өңірлерде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызметтер қолжетімді ме? Қазақстанда қанша әйелдің өз бизнесі бар, қанша әйел мемлекетті басқаруға қатысады? Ерлер мен әйелдердің жалақысындағы алшақтық қандай, ол қай салаларда өткір көрінеді?

Осы және басқа да сұрақтарға жауапты «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ-ның – «Гендерлік мұқтаждықтар мен қажеттіліктер: этникалық, аймақтық және таптық әсер» атты жаңа жобасы береді.

Жоба ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қолдауы бойынша жүзеге асырылады.

Ұйымдастыру қолдауын ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы көрсетеді.

Қазақстанда әйелдер, ерлер тарапынан әлеуметтік игіліктер мен әлеуметтік ресурстарға қол жеткізуде елеулі өңірлік айырмашылықтар бар. Көбінесе саяси шешімдер қабылдау кезінде бұл аймақтық және гендерлік ерекшелік ескерілмейді. Мысалы, балабақшалар мен мектептердің құрылысы кезінде.

Жобаның міндеті – әр түрлі аймақтардағы, әр түрлі этникалық және әр түрлі таптағы әйелдер мен ерлердің қажеттіліктерін сапалы сипаттау және бағалау.

Жоба аясында инфографиканың көмегімен гендерлік мұқтаждықтар мен қажеттіліктер картасын талдау жарияланды. Нәтижелері әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссиялардың отырыстарында таныстырылды. Сонымен қатар, аналитикалық жазбада Қазақстандағы гендерлік саясатты жетілдіру бойынша мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар берілді.

Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында білікті тренерлердің, еңбек ұжымдарының, ҮЕҰ өкілдерінің, оқушылардың қатысуымен 5 семинар-тренинг өткізілді, оқыту бейнероликтері түсірілді.

Карта қандай болады? Әр аймақты басу арқылы сіз осы аймақта қанша еркек, қанша әйел тұратынын, олардың денсаулық деңгейі қандай екенін, білім алуда қандай шектеулер бар екенін, қандай әлеуметтік қажеттіліктері бар екенін көре аласыз. Картаның индикаторын таңдай отырып, ҚР-да гендерлік саясатты іске асыру  қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы толық мәліметтерді қалыптастыруға болады.

Мұндай деректер, мысалы, Түркістан облысындағыдай, бұрмаланулар болмас үшін көшу қажет гендерлік бюджеттеуді жасау кезінде ескерілуі тиіс. Мұнда туу коэффициенті жоғары, сонымен бірге әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мен ауруханалар апатты түрде  жетіспейді.

Жобаның қорытындысы бойынша ақпараттық қамту 1,3 миллионнан астам адамды құрады.

Анна СУРДИНА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз