Атырауда 10 жаңа автобус пайдалануға берілді

c42978c0 f3b9 429a a791 5b3fa1d22c8e Жаңалықтар

Бүгін «Algabus» автопаркі 10 жаңа автобуспен толықты. Салтанатты шараға қала әкімі Мейірім Қалауи арнайы қатысып, көлік кілтін табыстады. 

ec6c7e92 d99c 4d20 b9c7 1202f3e05824

10 және 20 маршруттарында қатынайтын «Yutong» маркалы жаңа автобус 20 орындық және тұрып тұруға 30 орынына арналған. Қалалық әкімдіктің қолдауымен сатып алынған жаңа автобустар мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Ол үшін арнайы көтергіш құралы орнатылған. 

481b29f8 5abc 4894 b22f 24367e884cd3

Жаңа қоғамдық көліктерде қауіпсіздік шарасы да қарастырылған. Бейнебақылаумен жабдықталған. Жазда тұрғындарға ыңғайлы болу үшін салқындатқыш қойылып,  GPS қондырғысы орнатылған. 

Айта кетейік, көлік Еуро-5 стандарттарына сәйкес экологиялық таза дизель отынымен жүреді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз