Атырауда марафонның абсолютті чемпионына сәйгүлік сыйлады (ФОТО)

WhatsApp Image 2018 05 13 at 15.05.54 1 Жаңалықтар

24 жасар Базарбай Дауталиев Атыраудағы екінші дәстүрлі марафонның абсолютті чемпионы атанды және ұйымдастырушылар алқасының арнайы сыйы – бәйге атын иемденді, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-05-13 at 15.05.54 (1)

«Atyrau Marathon» жарысына еліміздің түкпір-түкпірінен және жақын шет елдерден барлығы үш мыңға жуық адам қатысты. 150-ден аса адам 42 шақырымды бағындырды, 10 шақырымға жүгіруде 1000-нан аса ерікті тіркеуден өтіп, ең танымал қашықтық 4,5 шақырымды 1500-ға жуық Атырау қаласының тұрғындары мен қала қонақтары жүгіріп өтті.

WhatsApp Image 2018-05-13 at 15.05.54 (7)

WhatsApp Image 2018-05-13 at 15.05.54

Марафонның абсолютті чемпионы Базарбай Дауталиев 150 мың теңге көлемінде қаржылай сыйға, теледидар және Атырау облыстық ұлттық спорт түрлері федерациясының арнайы сыйы – жүйрік жылқыға ие болды. Atyrau Marathon ұйымдастыру алқасы арнайы сыйдың кездейсоқ таңдалмағанын айтады. Себебі, өз заманында жылқы малы қазақтардың тұрмыстық өмірінде ерекше орын алған.

WhatsApp Image 2018-05-13 at 15.05.54 (4)

Ал, жеңіске деген жігері үшін екі параолимпиадашы Ерлан Казиев және Кенгес Көниевке арнайы сыйлық тапсырылды. Ал, 71 жастағы зейнеткер Бекет Қадыралинның есімі жарыстың ең егде қатысушысы ретінде марафон тарихына енді.

WhatsApp Image 2018-05-13 at 15.05.54 (3)

Айта кетелік, «Atyrau Marathon-2018» сайысының құрметті қонақтары қатарында жеңіл атлетиканың чемпионы және спринттан КСРО рекордшысы Әмен Тұяқов, үздік марафоншы, Азияның, Африканың, Австралияның және Американың ең ірі шөлдерін жүгіріп өткен адамзат тариxындағы алғаш атлет Марат Жыланбаев, сондай-ақ, Азияның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Азияның қола жүлдегері, Әлем чемпионатының қатысушысы Александра Романова болды.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз