Бас киімнің киесі

oyu Қоғам

Atr.kz/26-ақпан, 2019 жыл. Бас киім адамзат баласы үшін құндылықтардың бірі болуы тиіс.

Ата-бабаларымыз «Бас киімді жерге тастап, бас киімнен аттағанды кие ұрады» деп, оны үнемі биікке қойған. Даналық пен даралыққа ие қазақ осылай десе, бекер емесі анық. Қазақ халқы ғана емес, басқа ұлт өкілдерінің де бас киімге байланысты өзіндік көзқарастары бар. Сонымен қатар, тарихта құнды жәдігерге айналған бас киімдер де жеткілікті.

oyu
Иллюстративті фото

Ұлтымыздың рухани дүниесін биікке көтерген сал-серілері үкілі бас киімдер кигенін Ақан сері, Біржан салдың бейнесінен көруге болады. Бас киімге қауырсын, үкі тағу кей халықтардың мифтік нанымы бойынша, жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланыста екендігін білдіреді екен. Бұл дәстүр кейін де жалғасқан және домбыраға да тағатын болған. Бұл тек қазақ халқына ғана емес, моңғолдарға да тән.            

Бір таң қаларлығы, тоқыма бөріктерден гөрі құлақшындар көп. Ғаламтордан іздеу сұраныстарының статистикалық сараптамасы бойынша, құлақшындар тоқыма бөріктерге қарағанда екі есе көп ізделетінін аңғардық. Құлақшын моңғолдың малақайынан тараған. Моңғол бөркі қой терісінен конус тәрізді пішінмен жасалған. Бұл моңғолдар үшін қыстыгүні таптырмас жылылық берген. Оның қайырма құлағы бетті аяздан қорғаған. Кейін күн жылыған сәтте қайырма құлағын желке тұсына қайырып, байлап жүрген. Бастапқыда суықтан қорғаған қайырма құлақ қазіргі таңда сәнге айналды.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

(Толық нұсқасы «Атырау» газетінің №15 санында)

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз