Жарнама
Қоғам

Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалы өтеді

Атырауда Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) VIII маусымының жартылай финалы өтеді. WSB жобасының үш дүркін чемпионы «Astana Arlans» командасы Ұлыбританияның «BritishLionhearts» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-05-25 at 17.38.27

Бүгін «Құрманғазы» мәдениет сарайында «Astana Arlans» және «BritishLionhearts» команда боксшыларының салмақ өлшеу рәсімі өтті. Шара барысында Бүкіләлемдік бокс сериясының British Lionhearts-ке қарсы жартылай финалдық кездесуі үшін Қазақстан құрамасының құрамы айқындалды. Бұл құрамда Сәкен Бибосынов (52 кг), Закир Сафиуллин (60 кг), Асланбек Шымбергенов (69 кг), Бек Нұрмағамбет (81 кг), Қамшыбек Құнқабаев (+91 кг) бар.

«Astana Arlans» және «BritishLionhearts» командаларының арасындағы бәсеке 26 мамырда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіндегі «Жайық» мәдени-спорттық кешенінде өтетін болады. Кездесудің басталуы — 16.00.

Айта кетейік, Англияның Шеффилд қаласында өткен осы командалар арасындағы бірінші матчта Қазақстан өкілдері 3: 2 есебімен алға шыққан болатын.

Хорлан Смадияр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button