Мәжілісмендер Қордайда зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударды

Ел жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/11 ақпан, 2020 жыл. Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы бір күндік еңбек жалақыны Жамбыл облысы Қордай ауданында болған қайғылы жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін аудару туралы Қаулы қабылдады.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады. Қаржы аудан тұрғындарының тіршілігін, бүлінген үйлерді, инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге жұмсалады. Мәжілістің бір топ депутаты қазіргі уақытта Қазақстан Президентінің тапсырмасымен құрылған үкіметтік комиссиямен бірге Қордай ауданында жұмыс істеуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *