Әлеуметтік желілердегі әр жазбаңызға абай болыңыз!

3 Жаңалықтар

Бұдан былай әлеуметтік желілердегі әр жазбаңызға абай болғаныңыз абзал. Себебі, дінаралық, нәсілдік, ұлтаралық алауыздыққа алып баратын жазба үшін жауапқа тартылуыңыз мүмкін.

3

Атырау облысы Дін істері басқармасы әлеуметтік желілерде, интернет ресурстарында дінаралық немесе ұлтаралық алауыздықты тудыратын бейнематериалдарды, аудиоөнімдер мен басқа да ақпараттық жазбаларды таратуға, жариялауға болмайтындығын ескертіп отыр. Аталған сипаттағы материалдарға өзіңізге тиесілі аккаунттар арқылы лүпіл басып, бөлісу де заң бұзушылық болып саналады.

«Заң бұзушылық орын алған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 453 – бабына сәйкес,  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылыады. Және 20 – 100 айлық есептік көрсеткіш аралығында айыппұл салу туралы әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертеді» делінген Атырау облысы Дін істері басқармасы таратқан хабарламада.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Сурет https://cdn-st4.rtr-vesti.ru сайтынан алынды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз