Кабинетінде карта ойнаған әкім жазаға тартылды

snimok 4 e1580832933468 Жаңалықтар

Atr.kz/5 ақпан, 2020 жыл.  Кабинетінде карта ойнаймын деп масқара болды.

Түркістан облысында ауыл әкімі қызмет орнында құмар ойын ұйымдастырғаны үшін тәртіптік жазаға тартылып жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

— Мынау біздің Шардара ауылының әкімшілігі, карта ойнап жатыр, халықтың қамын жейтін кісілер бәрі. Шардара ауданына қарасты Қауысбек Тұрысбеков ауылдық аймағының әкімі Әлібек Сейдалиевтің кабинеті. Ауылдың игі жақсыларын жиған ол, жұмыстан бір сәт сергиін деді ме, әлде бар шаруасын бітіріп тастады ма, әйтеуір қызу ойынға кірісіпті.

Нәтижесінде ойынпаз әкім облыстық тәртіптік кеңестен бір-ақ шықты. Кінәсін бірден мойындап, енді қайталанбайтынын айтқанымен, кеңес мүшелері оған сенбеген сияқты.

«Валетті ұстаймын» деп бәлеге қалған азаматты ауыл әкімі қызметіне сай емес деп танып, аудан басшылығына тиісті шара қолдануды тапсырды.

Дереккөз: https://jasqazaq.kz/

http://atr.kz/bez-rubriki/%D2%AFj-%D2%9Bama%D2%9B%D2%9Ba-alyn%D2%93an-general-majordy%D2%A3-kim-ekeni-belgili-boldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз