ЖАҢА ҒИМАРАТТАҒЫ ҚУАНЫШТЫ КҮНДЕР

Атырау қаласында көне мектептер баршылық. Солардың бірі №18 Н.К.Крупская атындағы орта мектеп болатын. Тұрғызылғанына алпыс екі жылдан асқан оның соңғы жылдары әбден тозығы жетіп жүрген еді. Осындай жағдайды жете түсініп, жас ұрпақтың ойдағыдай білім алуын ойлаған облыс басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов бұрынғы ескі мектеп орнына су жаңа, бүгінгі талапқа сай жабдықталған мектеп үйін тұрғызып берді. Облыс әкімінің осындай қамқорлығына оқушылар да, ұстаздар да, ата-аналар да дән риза. Ал, мектеп құрылысы аяқталғанша оқушыларымызға өз мектептерінен орын ұсынып, оларды өз шәкірттеріндей аялаған №10 және №24 орта мектеп директорлары - Темірбек Әшен мен Қали Махамбетовке, құрылыс жұмыстарын жүргізген «Алим» ЖШС-не көптен-көп алғыс айтамыз.

 

Қазір бұрынғы көрген қиындықтың бәрі артта қалды. Мектеп іші таза да жарық, биік те кең. Оқулықтар жеткілікті. Көркем әдебиетке, басқа кітаптарға бай кітапхана, әдістемелік құралдар, салауаттылыққа үндейтін спорт залы, химия, биология, физика пәні кабинеттерімен қоса берілген зертханалар, қыз балаларды тігіншілікке баулитын тігін машиналары бар технология кабинеттері, әсем асхана – осылардың бәрі – балалар үшін!

Бақтылы ЕЛЕШОВА,

№18 Н.К.Крупская атындағы орта мектеп мұғалімі,

Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз