“Харекет” қоры Атырауда алғашқы қайырымдылық дәмханасын ашты

Адамгершілік айнасы Жаңалықтар

Atr.kz/18 мамыр, 2019 жыл. Атырауда қайырымдылық дәмханасы ашылды. “1000 теңгеге – баспана” ұранымен мұқтаж жандарға басыбайлы баспана алып беріп жүрген “Харекет” қайырымдылық қоры ашқан дәмхана да “Харекет” деп аталады.

Басты ерекшелік сол, “Харекет” дәмханасына жәй ғана тамақтанып кеткен адам да қайырлы іске үлес қосып, сансыз сауап жинай алады. Себебі, дәмхана көрсеткен қызметтен түскен қаражат еліміздегі мұқтаж жандарға баспана алып беруге жұмсалады.

“Харекет” қоры 1 жыл 7 айдың ішінде 97 отбасына баспана бақытын сыйлады. Осылайша, біз қамкөңіл жандардың жүрегінен үміт отын жақтық. Қор әуелі Жаратқан Иеміздің және қарапайым халықтың қамқорлығы арқасында жұмысын жүргізуде. Сол себепті, үнемі халықтың қалтасына қарап отырумен шектелмей, мейілінше көбірек баспана беру мақсатында дәмхана ашып отырмыз. Бізге әрбір мұқтаж отбасы қымбат. Алғаш рет Атырауда ашылып отырған дәмхана болашақта еліміздің түкпір-түкпірінінен де ашылатын болады. Дәмхананың айналымынан түскен пайда қорға аударылып отырады” дейді қордың негізін қалушылардың бірі Гүлмира Мұқанқызы.

Ізгілікті іске үлес қосқыңыз келсе, Атырау қаласындағы “Бірінші учаске” аялдамасы, Аманшин 2А мекен – жайында орналасқан “Харекет” дәмханасына келіңіз!

Халал дәмхана екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатында еуропалық стильдегі үстелде отырып тамақтануға болады. Екінші қабатта үй жағдайындағыдай оюлы көрпе жайып, жантая тамақтануға мүмкіндік бар. Сонымен бірге, екінші қабатта ерлер мен әйелдерге арналған намазхана орналасқан. Дәстүрге бай халқымыз шілдехана, тұсаукесер сынды дәстүрлі рәсімдермен қатар, мерейлі даталарын да жайлы дәмханада атап өте алады. Сонымен бірге, қолжетімді баға ұсынып отырған дәмханада садақа, еске алу рәсімдерін өткізуге барлық жағдай қарастырылған.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

1 thought on ““Харекет” қоры Атырауда алғашқы қайырымдылық дәмханасын ашты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *