20190325194149

Атыраулық Айдын Тәжіғали Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Жаңалықтар Қоғам


Atr.kz/ 26 наурыз, 2019 жыл. Атыраулық тағы бір балуан Айдын Тәжіғали еркін күрестен 23 жасқа дейінгі ересектер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан құрлық додасында жерлесіміз 70 келі салмақта сынға түсті. Алғашқы кездесуінде жерлесіміз Түркіменстан спортшысын 10:0 есебімен ұтты. Екінші белдесуде қытайлықтан 12:2 есебімен басым түсті. Үшінші кездесуде Иран балуанына 8:5 есебімен ұтылып қалды.

55589250 2390097244543986 2353394078206394368 o

Үшінші орын үшін таласта қырғыз елінің балуанын 12:2 есебімен уақытынан бұрын қапы қалдырды. Айта кету керек, Азия құрлығы додасында тағы бір атыраулық грек-рим күресі шебері Қаһарман Қисметов қола жүлдегер атанған болатын.

Дереккөз: “Қазақпарат”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған