Дамбы округі: Тасжолдар неге төселмеген? (+ФОТО)

Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Шаһар шырайы

Atr.kz/27 қаңтар, 2020 жыл. Дамбы округінде асфальттанбаған 7 көше қалған.

Бүгін 24 қаңтар күні Дамбы округі әкімінің тұрғындары алдындағы есебі тыңдалды. Жиынға Атырау қаласы әкімі және дербес бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатынасты.

Округ әкімі Ұзақбай Шораұлының мәліметінше, округ бойынша 319 адам жұмыссыз ретінде тіркелсе, олардың 194 – і тұрақты, 74 – і қоғамдық жұмысқа орналастырылған. 21 – адам қысқа мерзімді оқу курстарына, 1 – адам кәсіби оқуға жіберіліп, жастар тәжірибесіне – 16, әлеуметтік жұмыс орнына – 9 адам тартылған.

Округтегі елді мекендерде инфрақұрылым мәселесі біраз шешілген. Көше жарығы туралы айтатын болсақ, жалпы соңғы үш жылда – 5 180 метр, округтың басты 8 көшесіне және ұзындығы 16 км. болатын «Балықшы – Дамбы» тас жолы бойына мемлекеттік жеке әріптестік негізінде түнгі шамдар орнатылып, іске қосылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады, деп мәлімдеген болатын округ әкімі.

Жиында сөз алған ауыл тұрғындары округке қатынайтын автобус мәселесін және Қазпочта бөлімнің жұмысына қатысты мәселелерді мәлімдеді.

Өз кезегінде Атырау қаласы әкімі Қайрат Оразбаев барлық округтер бойынша мәселелер ұқсас екенін округтер бойынша алдағы жылдарға арналған жоспарлардың халықтың тұрмыс тіршілігін жақсартуға бағытталғанын, кешенді жұмыстар күтіп тұрғанын жəне осы жұмыстарды атқаруда халықты бірігіп жұмыс жасауға шақырды.

Дереккөз: Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *