Бос жер кәдеге жараса…

Жаңалықтар Мәселе Шаһар шырайы Әлеумет әлеуеті

Atr.kz/10 қазан, 2019 жыл. Мен Сарымолда Досмұхамбетұлы көшесіндегі №46 үйдің тұрғынымын. Бұрын «Правая нижняя Перетаска» көшесі деп аталды. Сол жердің бір аумағы көп жылдан бері бос тұр…

Сонда балалар алаңы салынса деген ұсынысым бар. Бұл – тұрғындардың ортақ тілегі. Өйткені, қазір балаларымыз ойнайтын орын тапшы. Тіпті, балалардан бұрын ересектердің өзіне тынығып отыратын тұрақ жоқ. Ал, әлгі бос жердің көлемі де шап-шағын. Балалар ойнайтын алаңға сұранып-ақ тұр.

Енді жергілікті әкімдік мамандары жуық арада қандайма бір шарасын алса, жақсы болар еді. Әйтпесе, жақында бір баланы көлік қағып кетті. Абырой болғанда жарақаты жеңіл. Бірақ, осындай жағдайдың тағы қайталанбасына кім кепіл?..

Нұрлан ЗИНУЛЛИЕВ,

газет оқырманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *