Атырау облысының әкімі ірі компания басшыларын сын сағатта жұмыс орындарын сақтауға шақырды

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Atr.kz/26 наурыз, 2020 жыл. Атырау облысының әкімі ірі компания басшыларымен жұмыс орындарын сақтауға қатысты жиын өткізді.

Махамбет Досмұхамбетов жер қойнауын пайдаланатын ірі компанияларға жұмыссыздықты болдырмауды тапсырды, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін, 26 наурызда облыс әкімдігінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен аймақтағы ірі компаниялардың өкілдерімен кездесу өтті. Күн тәртібіне екі мәселе қойылды – жұмыс орындарының қысқаруын болдырмау және «Біз біргеміз» жалпыұлттық акциясының барысы туралы болды.

Облыс басшысы Президенттің тапсырмасымен қазіргі кезеңде кәсіпкерлік субъектілеріне үкімет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол әр мекеме басшысы өнім өндірісінің көлемін жоспарға сәйкес жүзеге асыруға және жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуге тиіс екенін айтты.

Махамбет Досмұхамбетовтің сөзінше, ертеңге дейін компаниялармен екіжақты меморандумға қол қойылады, соған сәйкес компаниялар мұнай бағасының төмендеуі мен елдегі төтенше жағдайға байланысты өз қызметкерлерін қысқартпауға міндеттенеді.

– Кәсіпорындарда тұрақты әлеуметтік ортаны қалыптастыру бірінші басшылардың жеке жауапкершілігінде екенін атап өткім келеді. Сонымен қатар, баршаңызды жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуге шақырамын. Осы мақсатта әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін біздің тарапымыздан типтік меморандумдар дайындалды,- деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, Махамбет Досмұхамбетов атыраулық студенттерді шетелден және Қазақстанның өзге өңірлерінен алдыртуға көмек көрсеткен компанияларға алғысын білдірді. Сондай-ақ, облыс әкімі мемлекет басшысының үндеуін қолдауды және жалпыұлттық “Біз біргеміз” акциясына белсенді қатысуға шақырды.

“Atr-Ақпарат”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *