Жарнама
Жыл қорытындысы

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – жастарға жаңа мүмкіндік

Атырау қаласында «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты «Жастарға жұмыс» жобасы аясында жыл басынан бері 20-дан астам бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. Аталған жобаның негізгі мақсаты – жастарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсету, олардың кәсіби дағдыларын дамыту және еңбек нарығында сұранысқа ие болуына жағдай жасау.

Жоба аясында жастарға бос жұмыс орындарын ұсыну, жұмысқа орналастыру, цифрлық сауаттылықты арттыру, кәсіпкерлікке тарту және мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру секілді іс-шаралар жүзеге асырылады.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жастарға кәсіби тәжірибе жинақтап, тұрақты жұмыс табуға мүмкіндік берді. Жәрмеңкеге 38 ірі кәсіпорын мен ұйым қатысып, 300-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Іс-шараға 500-ден астам жас маман қатысты, нәтижесінде 20 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Жәрмеңке барысында өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан жас мамандардың бірі – Қали Рахат Қонысбайұлы. Ол Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің “Менеджмент” кафедрасына оқытушы қызметіне қабылданды. Рахат бұл жобаның жастарға үлкен мүмкіндік бергенін ерекше айтты.
–Мен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі туралы әлеуметтік желілерден білдім. Бұл жоба маған өз мамандығым бойынша жұмыс табуға көмектесті. Қазір университетте оқытушы болып жұмыс істеп жүрмін. Бұл жоба жастардың кәсіби дамуына және өз жолын табуына үлкен мүмкіндік береді деп санаймын, — дейді ол.

Бұл іс-шара облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Жәрмеңке жастарға еңбек нарығында өз орнын табуға ғана емес, сондай-ақ жаңа дағдыларды меңгеруге және кәсіби өсуге мүмкіндік берді.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button