ҮМІТ ПЕН СЕНІМ ҚАБАТТАС

Елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін сайлау арқылы демократиялық үрдісті одан әрі жетілдіру туралы айтылған болатын.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту туралы» тұжырымдамаға сай біздің Еркінқала селолық округінде де қала әкімінің орынбасары Ж. Қарағаевтың қатысуымен округ әкімі лауазымына үміткерлерді таныстыру мақсатында қауымдастық өкілдерімен кездесу жиыны болып өтті. Кездесуге қатысқан өкілдер сайлау туралы өздерінің ой-пікірлерін білдірді.
Сайлауда ел басқаруда беделі бар, білімді де жігерлі, тәжірибелі де қажырлы, округ жағдайын жақсы білетін, тұрғындармен тіл табыса алатын, әлеуметтік және экономикалық жағдайды жақсарту қолынан келетін, мәдениет пен спортты дамытуға, тәртіп пен тазалықты күшейтуге ынталы үміткер сайланады деген үмітіміз бар.
Біз, ардагерлер, Елбасы саясатын толықтай қолдаймыз және ауыл әкімдерінің сайлануымен елді мекендердегі өзекті мәселелер оң шешімін табады деп сенеміз.

Балабай РАХЫМБЕРЛИЕВ,
зейнеткер, кәсіпкер.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз