Жарнама
Жаңалықтар

Әзірге қырылған балық байқалмайды

Жайық өзені мен жақын жатқан арналарда балықтың қырылуының жаңа ошағы тіркелмеген, уәкілетті органдар өзенді өлген балықтан тазартуды жалғастыруда. Бұл туралы Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Арман Мулдашев айтты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-12-13 at 12.21.20

 – Әлеуметтік желіде таралған бекіре тұқымдас балықтардың қырылуы туралы бейне бір апта бұрын Жайық өзеніндегі балық шаруашылықтарының бірінде түсірілген. Бұл жалпыға белгілі факт. Бүгінгі күні балықтың қырылуының жаңа фактілері тіркелген жоқ. Ахуал тұрақты. Қазіргі уақытта мамандардың бағалауы бойынша су балық үшін қауіпсіз. Жоғарыда аталған жағдай бойынша қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі уақытта Жайыққа су ағызатын құрылыстары бар барлық кәсіпорындарға жоспардан тыс тексеру жүргізілуде. Біз өзенді өлген балықтан тазартуды жалғастырудамыз, – деді Арман Мулдашев.

Қазіргі уақытта ведомствоаралық комиссия Жайықта балықтың жаппай қырылу себептерін анықтауда. Балықтың қырылу фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Мамандар жақын арада Жайық өзеніне су ағызатын құрылыстары бар барлық кәсіпорындарды тексереді. Бұған дейін Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары хабарлағандай, Жайық өзенінің суы тұрғындар үшін қауіпсіз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button