Жарнама
Жаңалықтар

Зинедендік жас жұбайлар саяси науқаннан қалыс қалмады

Бүгін Исатай ауданы Зинеден ауылында шаңырақ көтеріп жатқан жас жұбайлар өз референдум учаскесіне келіп, дауыс берді.

Жас отау иесі Бауыржан Аманжолұлы мен Дилназ Ғалымтайқызы өздерінің болашағы үшін таңдауларын жасап, әр дауыс болашағы үшін маңызды екенін анық түсінгендей.

Отау иесі көп балалы отбасыдан шыққан үйдің екінші перзенті. Ол дауыс беруге ақ көйлек киген қалыңдығы мен өзі де классикалық костюм киіп келді. Олар Зинеден ауылындағы №136 референдум учаскесінде таңдау жасады.

Осынау маңызды күнде арнайы уақыт бөліп келген жастарға учаске төрағасы сый-сияпат табыстады.

Исатай ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button