Нәрестенің құны – бес мың доллар

  Жуырда облыстағы перзентханалардың бірінде жаңа туған нәрестені бес мың АҚШ долларына сатпақ болған медбике ұсталды.

  Медбике мен оның сыбайластарын ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құрықтады. Құқық қорғаушылар бала сатушыларды қылмыс үстінде бұлтартпас айғақтармен ұстады. Перзентхана қызметкерлері келісілген соманың тең жартысын алдын ала алып қойыпты. Ақ халаттылар көрші елден келген жас ананы өз баласын сатуға алдап көндірген.

 «Сәбидің анасы Өзбекстан Республикасынан келіп, Атыраудағы перзентханада босанып қалған. Осы жағдайды өз пайдасына асырмақ болған медицина қызметкері жас ананы баласын сатуға алдап көндірген. Қазір күдікті уақытша оқшаулау орнына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 135 бабының 2 тармағы бойынша ісі қаралуда. Тергеу-тексерумен департаменттің тергеу басқармасы айналысуда», – деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі   Гүлназира Мұхтарова.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз