Жарнама
БілімЖаңалықтар

Зілдей мектеп сөмкесі бала денсаулығына зиян

Кезекті оқу жылы басталды. Үш ай бойы мектебін сағына күткен балалардың жүзінде қуанышпен қатар, ауыр жүк те бар. Бұл ­­– арқадағы сөмкесін көтере алмай, білім ордасына асығып келе жатқан бастауыш сынып оқушысынан байқалған мұң. Көз көрген осынау жайдан соң «оқушы сөмкесі қандай болуы керек?» деген сауалға үңілдік.

мектп

Медицина мамандарының айтуынша, баланың сөмкесін дұрыс таңдау оның дене тұлғасының түзу қалыптасуына әсер етіп, болашақта бірқатар аурудың алдын алады.

«Сколиоз, остеохондроз, көк еттің жыртылуы деген секілді дерттер негізінен жасына сәйкес емес ауыр салмақты көтергеннен де болады. Сондай-ақ, баланың аяқтарына салмақ түсіріп, жалпақ табан болуына әсер етеді. Бүгінде балалар мен жасөспірімдер арасында жалпақтабандылық жиі байқалады. Бауы бір жақты сөмке ұстау денесін бір жағына қисайтып, сколиоз ауруын туғызады. Сондықтан, бала денсаулығында бұл жайларға баса маңыз беру керек», — дейді облыстық балалар ауруханасының невропатологы Эльмира Қамышева.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, сөмкенің арқасы ортопедиялық, әрі қатты болуы тиіс. Қатты каркас омырт-қаға түсетін жүктемені біркелкі етеді. Бұл баланың омыртқасына көп күш түсірмейді.

– ­Сөмкенің иықбауы бірдей және екеу болуы тиіс. Оның көлемі әр баланың жасы мен бойына сай болуы тиіс. Бастауыш сынып оқушылары сөмкесінің салмағы тым ауыр болмағаны жөн. Бұл жоғары және орта буын оқушылары үшін де маңызды. Тағы бір жайт, химиялық қауіпсіз материалдардан жасалған сөмкелерді таңдаған абзал, — дейді облыстық қоғамдық  денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев.

Асылым ӘЛИ

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button