Жарнама
Жаңалықтар

Зияткерлік мектеп халықаралық аккредитацияны растады

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебі білім сапасының биік межелеріне сай екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Оқу ордасы Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS – Council of International Schools) реаккредитациясынан сәтті өтіп, халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетінін растайтын ресми куәлікке ие болды.

Бес күнге созылған бұл маңызды үдеріс барысында мектепке Австралия, Ұлыбритания, Ирландия, Әзербайжан, Индонезия, Италия және Өзбекстан елдерінен келген CIS сарапшылары келіп, білім беру мекемесінің ішкі құрылымын жан-жақты саралады. Олар оқу үдерісінен бастап, тәрбие жұмысы, бағалау жүйесі, қауіпсіздік шаралары мен мектеп қауымдастығының даму бағытына дейін барлығын жіті назардан өткізді.

Халықаралық сарапшылар тобы Атырау Зияткерлік мектебінің қызметіне жоғары кәсіби баға беріп, ұжымдағы серіктестік мәдениеті мен өзара қолдауға негізделген берік жүйенің қалыптасқанын атап өтті. Оқушылардың әл-ауқатына бағытталған қамқорлық пен қолдау шаралары да назардан тыс қалмады.
Сондай-ақ сарапшылар мектептің High Quality Teaching and Learning (HQTL) тұжырымдамасын және жаһандық азаматтық қағидаттарын оқу-тәрбие үдерісіне тиімді әрі үйлесімді енгізуін ерекше жоғары бағалады.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button