Атырауда адамды өлім аузынан құтқарған жас батырға құрмет көрсетілді

4200c4c7 7948 4742 8e32 78ffcbc5fc05 Жаңалықтар

«Атырау – Ақпарат» медиахолдингі қызметкері Салауат Қожықов облыстық төтенше жағдайлар департаментінің марапатына ие болды, – деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Суға батып бара жатқан жолдасын құтқарып қалған Салауаттың бұл батылдығын бағалаған департамент басшылығы оны арнайы шақырып, алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

a6663883 5d17 472a 8195 2fcc669aec54

Оқиға 2021 жылдың 24 желтоқсанында болған.

Жайық өзенінің үстімен өтіп бара жатқан уақытта мұз ойылып, Ақжол Бақтыгереев суға батып кетеді.

Салауат Қожықов досының суға кетіп бара жатқанын көріп, бірден көмекке асыққан. Ол өзінің пальтосын шешіп, мұз бетінде еңбектеп, суда әлсіреп қалған жолдасын шығарып алды.

Атырау қалалық полиция басқармасының №86 стационарлық бекетінің қызметкерлері өздігінен жағаға жеткен жігіттерге алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған.
«Мұндай сәтте жылдам шешім қабылдап, батыл әрекет ету – кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Ал, Салауат Қожықов уақытты құр жібермей, дер кезінде нақты әрекет жасай білді. Осылайша ол жолдасының өмірін қорғап қалды. Салауат секілді ержүрек азаматтарымыз көп болсын» деді департамент бастығының орынбасары Асхат Ержанов.

d8afd94b 84ea 4558 a846 d48de6ec517e



«Ең басты ойым – досымды құтқарып алу болды. Әйтеуір бәрі ойдағыдай болып, аман-есен жағаға жеттік.
Бұл менің міндетім еді. Менің орнымда басқа адам болса да дәл солай жасайды деп ойлаймын» дейді бейбіт күннің батыры Салауат Қожықов.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз