Жылыойлық полицейлер отыз адамды өрттен құтқарып қалды (+ ВИДЕО)

Жаңалықтар

Жылыойлық полицейлер өрт шыққан үйдің 30 тұрғынын эвакуациялады.

Құлсары қаласында 6 шілде күні таңғы 04:15 шамасында көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінен электр шитінің ақауы болып, өрт шыққандығы туралы 102 пультіне хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Парахат Пирмагамбетов, полиция аға лейтенанты Ғарифолла Сағидоллин, патрульдік полиция взводының қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты Айдар Шарипов, полиция аға лейтенанты Рүстем Сарузинов, полиция кіші лейтенанты Қуантқан Сағидоллаев және Алишер Сандибаев тұрғындардың көмек сұраған дауысын естіп, түтінге оранған көпқабатты үйдің 30 тұрғынын шұғыл эвакуациялады. Олардың 10-ы балалар – деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Подьезд түтінге оратылып тұрды, терезеден тұрғындар бізді шығармасаңдар да балаларды шығарыңдаршы деп айқайлап жатты. Ойланатын уақыт болмады, өрт бізді шығарып болсын деп күтпейді ғой. Бірінші балаларды киіммен бүркеп, көтеріп далаға алып шықтық. Ешкім зардап шекпеді, сол үшін қуандық – деді, патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Айдар Шарипов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз