Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

Жылыойдан шыққан жас ақын Ернұр Исақаев күллі қазақстандықтарды сүйсінтті

Жылыойдан шыққан жас ақын республикалық конкурста топ жарды деп хабарлайды Atr.kz

«Хабар» агенттігі ұйымдастырған республикалық «АITYSTAR» тележобасында жеңімпаз атанған Ернұр Исақаев Жылыой ауданындағы №3 орта мектебінің  11 сынып оқушысы.

Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша,   байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 36  жас ақын қатысып, үш айтыскер финалға өткен.

— Ақтық мәредегі басты ерекшелік – айтыскерлердің шоу-бизнес жұлдыздарымен жұптасып жарысуы. Финалда менің жұбым — әнші Ердос Қанаев болды. Көп жылдар бойы аудандық, облыстық байқауларға қатысып келемін. Енді міне, республикалық айтыста бас жүлдеге ие болып отырмын. Мектеп бітірген соң Қазақ ұлттық өнер университетіндегі актер, шығармашылық мамандықтарына оқуға түскім келеді. Әдебиет, тарих, математика пәндерін ерекше сүйіп оқимын, — дейді Ернұр Исақаев.

img 20210115 wa0015


Жас айтыскерді аталған байқауға Қазақстанға танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың  өзі шақырған.

Айта кетелік, жас айтыскер алаштың төкпе ақындарының бірі Салауат Исақаевтың ұлы. Асқар тау әкесінен ерте айрылған Ернұр дүйім жұртқа талантын дәлелдеп, әке есімін қайта жаңғыртуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button