Жарнама
Жаңалықтар

Жылыойда жоғалған адам табылды


Бір күн бұрын Жылыой ауданында із-түссіз жоғалған ер адам табылды. Жылыойлық полицейлердің айтуынша, 102 нөміріне 49 жастағы азаматтың Құлсары қаласындағы Қарағай ауылынан қайықпен шығып, сол күйі хабарсыз кеткені туралы хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлері жедел жұмысқа жұмылып, әуе дроны арқылы жоғалған жанды іздеген. Бүгін, 11 сәуір күні сағат 11:00 шамасында оны Қарағай елді мекенінен 10 шақырым қашықтықта пайда болған аралдан көріпті. Қазір орта жастағы ер азаматтың денсаулық жағдайы жақсы, туыстарымен қауышқан,- деп хабарлады облыстық полияция департаментінің баспаөз қызметі.
Малика ТӘКЕЖАНОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button