Жарнама
Жаңалықтар

Жылыойда тасқыннан зардап шеккендерге өтемақыға өтінім қабылдануда

Материалдық шығынды өтеу бойынша өтінім қабылдау бүгін, яғни, 18 сәуірде басталды.

Өтініштер
№1 мектеп ғимараты, Махамбет даңғылы 136 мекен-жайында қабылданады.
Бұл мекен-жайда 5 ауыл, 2 ауыл, «Достық» және «Жадырасын» шағынауданының тұрғындарына қызмет көрсетіледі.

№18 мектеп ғимаратында (221 көше, 59 ғимарат) «Атырау», «Болашақ», «Автожолшылар» шағынауданы және Қарағай елдімекенінің тұрғындарына қызмет көрсетіледі.

№9 мектеп ғимаратында (Махамбет даңғылы 102) 4, 6, 7А және мешіт (І.Сариев көшесі) ауылының, Ұ.Әбдірахманов көшесінің (Новостройка) тұрғындарына қызмет көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау уақыты: 09:00-12:30, 14:00-18:00

Әр ауыл немесе шағынаудан бойынша сайланған комиссия мүшесі өз учаскесіне қызмет көрсететін мекен-жайда болуы қажет. Сонымен бірге, су тасқынынан келтірілген залалды өтеуге өтінімді eGov mobile қосымшасында беруге болады. Сервис су тасқынынан зардап шеккен еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындары үшін қолжетімді. Егер өтініш қағаз түрінде берілген болса, онда оны сервис арқылы қайталаудың қажеті жоқ. Ақпарат автоматты түрде есепке алынады.

Айта кету керек, өтемақыға өтініш қалдыру үшін тұрғын үй иесі жеке куәлігі, техникалық төлқұжат, жер учаскесіне акт, ХҚКО-дан 2 форма, жылжымайтын мүлік құқығын растайтын құжат, әр құжаттың 5 дана көшірмесін қоса тапсыруы қажет.

Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button