Жылыойда өткен Online марафон жеңімпаздары марапатталды (+ФОТО)

img 20200819 wa0027 Жаңалықтар

Жылдағы дәстүр бойынша тамыз айының үшінші жексенбісі – Спорт күні. Еліміздегі карантин режимі болғанымен спорттық сайыстардың кейбір түрін онлайн режимде өткізуге мүмкіндік бар.

Осындай мүмкіндікті қалт жібермеген Жылыой аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі. Арнайы мобильді қосымшаның көмегімен спортшылар белгілі аумақта жеке-жеке 3 шақырымдық межені бағындырып қорытындысын әлеуметтік желідегі аккаунтына #Жылыойспорт2020 хэштегімен бөліскен. Нәтижесі анықталып жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан марапатталған.

3 шақырымдық Online марафон жеңімпаздары:

  • I орын Бейбарыс Бекешов
  • II орын Уралбеков Асылбек
  • II орын Самат Гарифов
  • II орын Дәулет Қалиев
  • III орын Наурызбай Сағиев
  • III орын Руслан Жолдасов

Жалпы марафонға 17 адам қатысқан.

Республикалық спорттық challenge дердің жеңімпазы, аралас марафондардың қатысушысы аудандық спорт бөліміне жақында тағайындалған А.Науаровтың мәліметінше кәзіргі таңда ауданда 5 спорттық мектеп бар. Ауданға қарасты екі округте спорттық мектеп құрылысы жүргізілуде деп мәлімдеді бөлім басшысы.

img 20200819 wa0032
img 20200819 wa0034
img 20200819 wa0033 1
img 20200819 wa0029 1
img 20200819 wa0026 1
img 20200819 wa0028 1
img 20200819 wa0031
img 20200819 wa0030 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз