Жылыойда орыс сыныптар біртіндеп жабылып жатыр

izobrazhenie 2021 01 29 150231 Жаңалықтар

Жылыой ауданы орыс сыныптарын қазақ сыныптарымен алмастыру тәжірибесін іске асыруда.

«Бұл туралы бүгін атқарылған жұмыстар туралы онлайн форматта есеп берген Халел Жамалов айтты» деп хабарлайды Atr.kz

«Өткен жылы №6 мектептің үш бірінші сыныбын қазақ сыныбына алмастырдық. Оған себеп – маманның жоқтығы.

Соңғы бес жылда орыс сыныптарына бірде бір маман келмеді. Математика, информатика, әдеп, орыс тілі, орыс әдебиеті, дене шынықтыру пәндерінен мамандар жетіспейді» деп атап өтті Халел Жамалов.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Жылыой ауданындағы білім беру ұйымдарына 24 маман жетпей отыр. Спикер Халел Жамаловтың айтуынша, мамандармен қамтамасыз ету мақсатында Атырау облыстық білім беру басқармасына, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне, өзге де оқу орындарынамамандар жәрмеңкесіне қатысуға хат жолданды.

Десе де, 2020 – 2021 оқу жылында 62 маман жұмысқа орналастырылған. Оның ішінде, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 8 жас маман қызметке тұрған.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз