Жарнама
Жаңалықтар

ЖЫЛЫОЙДА ЕЛОРДА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ONLINE МАРАФОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Жылыойлық әуесқой спортшы Дулат Қалиев аудан тұрғындары арасында өткен 3 шақырымдық онлайн марафонды 12мин.07 секунд уақытта өтіп бірінші орынға ие болды.

Ел тәуелсіздігінің отыз жылдығы аясында, 6 шілде — Елорда күніне орай Жылыойда өткен онлайн марафоны өз мәресіне жетті.

Марафонға қатысушылар 1-6 шілде аралығында жарыс ережесіне сәйкес бекітілген жерде кез келген уақытта 3 шақырымдық межені жүгіріп өтіп нәтижесін жеке әлеуметтік желісінде жариялауы керек болатын.

Жарысқа қатысушылар әлеуметтік желіде #ЕлордакүнінеЖылыойдан2021 хэштегін пайдалану арқылы өз нәтижелерін бөлісіп жеңімпаздары анықталды:

🥇I орын — Дулат Қалиев ⏱12:07
🥈II орын — Бейбарыс Бекешов ⏱ 12:12
🥉III орын — Сұлтанов Нұрғиса ⏱ 12:47

Бүгін 7 шілде күні Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Орынбасарқызы онлайн марафон жеңімпаздарын қабылдап диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Бөлім басшысы өз кезегінде

  • «Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жүгіру жарысын онлайн түрде өткізуге тура келді. Қатысқандарыңызға алғысым шексіз, спортшыларға сәттілік тілеймін, 3 шақырымдық марафонға қатысып белсенділік танытқан өзге қатысушылардың барлығына «БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТҚАНЫ ҮШІН» дипломы онлайн түрде жолданатын болады» деп атап өтті.

©️ Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.

@jylyoi_madeniet_sport_bolimi

#Qazaqstan30

#relive

#ЕлордакүнінеЖылыойдан2021

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button