Жылыойда ақындар айтысы өтті

whatsapp image 2021 10 07 at 14.14.35 Жаңалықтар

Жылыой ауданында  ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Құлсары қаласының 20 жылдығына арналған облыстық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды atr.kz

«Тұлпар мініп, ту алған» атты жыр додасына  12 ақын қатысты. Санитралық талаптарға сай ұйымдастырылған сөз аламанында айтыскерлер елдік, бірлік тақырыбын жырға арқау қылып, ел көкейіндегі түйткілдерді де орынды айта білді. 

Айтыстың бас жүлдесі мен 200 мың теңгелік сертификатты құлсарылық Ғалымбек Мұстафа иеленді. Бірінші орын  мен 150 мың теңгелік ақшалай сыйлық махамбеттік Серік Қойшығұловқа бұйырса, екінші орын және 80 мың теңгелік байрақты исатайлық  Амангелді Панабердиев, үшінші орындарға тігілген 60 мың теңгені индерлік Жәнібек Садыров пен Нұрбейбіт Нұғманов қанжығалады. Жас ақын Батыржан Кәдірбай  Салауат Исақаев атындағы жүлдеге ие болды. 

Қалған ақындардың барлығына да көтермелеу сыйлықтары берілді. 

–          Көптен ду көрмеген ақындарымыздың бүгінгі қарқыны бұрынғыдан бөлек болды. Залдағы көрерменнің аздығы әсер етпегенде, айтыскерлер бұдан да жоғары өнер көрсетерме еді? Бәрінен де кейінгі жастардың арасынан талантты ақындарды көріп қуандық. Соның бірі – Батыржан Кәдірбай. Ол осы айтыс үшін Нұр – Сұлтан қаласынан арнайы келіп отыр. Өнер мектебінің айтыс факультетінде оқитын жас жүйріктің таланты тәнті етті, – дейді Атырау айтыскерлерінің  ұстазы, қазылар алқасының мүшесі Шынарбек Қабиев.   

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз