Жарнама
Қоғам

Белгілі журналист құрметті еңбек демалысына шықты

Бүгін «Атырау-Ақпаратта» кезекті мерейлі шара өтті, деп хабарлайды atr.kz

Республикаға танымал публицист, өңір журналистикасының дамуына айрықша үлес қосқан қаламгер, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Мәдениет саласының үздігі, «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары Исатай Құндызбайұлы Балмағамбетовтің зейнет демалысына шығуына байланысты салтанатты жиын ұйымдастырылды.

3f652633 66a3 4cfc 8d0b 4a18dcab704b

Салтанатты жиында Исатай Құндызбайұлының атына келген құттықтаулар оқылды. 

Исатай Құндызбайұлы — облыстық, республикалық басылымдарға басшылық жасаған білгір басшы. Соңынан ерген мықты шәкірттер дайындады. Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Өзінің ұстазы Тауман Амандосов атындағы сыйлықтың иегері. Былтыр «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

67b2f6a3 807d 411b b899 311907f8d774

Исатай Құндызбайұлын 63 мерейлі жасымен құттықтай отырып, деніне саулық, ұзақ ғұмыр, отбасы шаттығын тілейміз.

Суреттер Ерлан Алтыбаевтікі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button