Жаңалықтар
Жылыойда 635 адамға дәрі-дәрмек таратылды
Бұл туралы Жылыой ауданы төтенше жағдай жөніндегі қоғамдық штаб төрағасы Ерқұл Дәулетбаев мәлімдеді.
Қазір Қоғамдық штабтың бекітуімен дәрігерлік есепте тұрған тұрғындарға медициналық қызметкерлер арқылы дәрі-дәрмек жеткізілуде.
–Тасқын кезінде Құлсары қаласы бойынша бекітілген 37 пункт арқылы барлығы 635 адамға дәрі-дәрмек жеткізілді. Қазір Қоғамдық штаб жұмысына штаб мүшелерінен бөлек, 20-ға жуық волонтер гуманитарлық көмекті жеткізуге жұмылуда, — деді Е.Дәулетбаев.
Айта кету керек, аталған штаб Құлсары қаласындағы Махамбет даңғылы, №9 орта мектептің акт залында орналасқан. Штабтың жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін.