Жаңалықтар
Жылыой: жетпіске жуық жануар өлексесі жойылды
Құлсары қаласында су тасқыны салдарынан өлген жан-жануарлар мен хайуанаттардың өлекселерін жою жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы облыстық жедел штаб хабарлады.
–Құлсары қаласында су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы, үй жануарлары және құстардың өлкселерін Жылыой аудандық ветеринариалық стансысы қызметкерлерімен бірлесіп, мал қорымдарында және арнайы белгіленген шұңқырларда өртеу жолымен жою жұмыстары жүріп жатыр. Қазір төлдерін қоса алғанда 60 қой-ешкі, 8 үй құсы және бір-бірден ит-мысық өлексесі жиналып, жойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасады, — деді ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жылыой аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Жәнібек Сабыров.