WhatsApp Image 2019 08 19 at 16.39.46

Жылыой ауданында – «Жастар Fest» фестивалі (+ФОТО)

Аудан хабарлары Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Қоғам

Atr.kz/19 тамыз, 2019 жыл. Жылыой ауданында «Рухани жаңғыру» жəне Жастар жылы аясында аймақтық «Жастар Fest» өнер фестивалі өтті.

Шара Жылыой ауданында 27 шілде күні басталған болатын. Фестиваль аясында жастар ақындық,би, əн өнерлері бойынша өзара бақ сынады. Сонымен қатар, жастар Рэп жанрындағы сайыстарға қатысып, шеберліктерін шыңдады , қазақтың ұлттық ойындарын ойнады.

Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекеттің айтуынша, фестиваль жастардың бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған.

– Жастар біздің тірегіміз, болашағымыз. Сондықтан жастарға артар үмітіміз зор,- дейді аудан әкімі.
Айта кетейік, фестиваль аясында «Ел болашағы-жалынды жастар» атты гала-концерт ұйымдастырылды. Эстрада жұлдыздары Raim мен Artur жəне Nazima өнер көрсеткен концертке 10 мыңға жуық адам жиналды.

WhatsApp Image 2019 08 19 at 16.39.47
WhatsApp Image 2019 08 19 at 16.39.46 1
WhatsApp Image 2019 08 19 at 16.39.48
WhatsApp Image 2019 08 19 at 16.39.47 1

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған