
Жаңалықтар
Жылыой ауданында Құрсай өзенінің аумағы абаттандырылуда
Қазіргі таңда өзеннің 2 шақырым аумағы абаттандырылып жатыр. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аталған жұмыстар Атырау облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен, «Теңізшевройл» компаниясының «Игілік» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Мердігер мекеме — «Орлан» ЖШС. Құрылыс жұмыстары былтыр желтоқсан айында басталып, биыл қыркүйек айына дейін аяқталады деп күтілуде.
Мұнда жаяу адам жолы салынып, өректастар төселуде. Сондай-ақ 203 шам орнатылып, 343 терек отырғызылып, 103 отырғыш пен 103 дана қоқыс жәшігі (урна) қойылмақ.