Жыл соңына дейін Атырауда апатты жағдайдағы 6 жатақхананың тұрғындары қоныс аударады
Atr.kz/23 қазан, 2019 жыл. Бұл туралы өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Telegram-дағы «Атырау облысының әкімдігі» чат-каналында мәлімдеді деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыс әкімінің мәліметіне сәйкес, бүгінде облыс орталығында 12 апатты жатақхананың тұрғындары көшірілуі тиіс екен. Бұл үшін Атырауда бюджет есебінен 240 пәтерге есептелген 6 үйдің құрылысы жүргізілуде.
-Жыл соңына дейін Береке ықшам ауданында 3 үй пайдалануға тапсырылады. Осыған орай, 6-7 жатақхананың тұрғындарын көшіруге мүмкіндік туады. Мердігерлердің уәделеріне сүйене отырып, 6 үйді де тапсыруды жоспарлаған едік. Өкінішке орай, құрылыс материалдарының жетіспеушілігі және басқа да себеп-салдарға орай, тек 3 үйдің ғана құрылысы аяқталады деп күтілуде. Қай жатақхананың тұрғындары көшірілетінін қосымша хабарлаймыз. Қалған 3 үй келесі жылдың бірінші жартыжылдығында тапсырылады.
Негізі мемлекеттік бағдарлама мен Атырауда коп үйлер салынып жатыр. Өте куанышты жағдай. Соны мен қатар бір бөлмелі пәтерлер еш бір есепсіз салынып халық алмай жүр дегенің естійміз. Әрине жанұяда төрт адам болса олар қалай бір бөлмеде тұрады? Сол айтылған сың рас болса неге тұл жетім жалғыз басты балдарға берілмейді? Тұл жетім балдар он жылдап ширетте тұрады. Осыны бір қарап реттеуге болмай ма екен?