Жарнама
Жаңалықтар

Жыл сайын жалақы өсіп келеді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет кулуарында жаңа жылдан кейін қандай мемлекеттік қызметкерлердің айлығы өскенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл басында бюджеттік сала қызметкерлерінің айлығы инфляцияға сай индекстелгені айтылды. Сіздің айлығыңыз индекстелді ме? Бұрынғыдан көп ала бастадыңыз ба», — деп сұрады БАҚ өкілі Қаржы министрінен.

Ведомство басшысы саяси мемлекеттік қызметкерлердің айлығын өсіруге мораторий жарияланғанын еске салды.

«Жеке менің айлығым индекстелген жоқ. Өйткені Президенттің шешімі болған. Бізда саяси мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге мораторий жарияланған. Сондықтан менің еңбекақым 2022 жылғы деңгейде қалды. Бірақ әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер туралы айтсақ, олар факторлық балдық шкалаға көшкені естеріңізде болар. Жыл сайын сол шкала бойынша айлықтар көтеріліп жатыр. Ол жерде айлықтың өсуі инфляциядан жоғары болатын шығар. Индекстелуге тиіс төлемдердің бәрі талаптарға сай жүргізіледі. Заңда ол қарастырылған», — деді Ерұлан Жамаубаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button