COVID-19: Атырау облысында 74 адамнан инфекция анықталды

0 10 COVID-19: Соңғы поштадан...


Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 14-і Атырау қаласынан тіркелген. Теңіз кенішінен 57 жұмысшыдан,  Қызылқоға ауданынан – 1, Махамбет ауданынан – 1, Индер ауданынан 1  адамнан COVID-19 жұқпасы анықталған – деп хабарлайды Аtr. kz

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше,  COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 12- інде ауру симптомды түрде өтуде.


 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 63 адам  емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 223 адам үй жағдайында емделуде. 
Облыстық инфекциялық стационарда  97  науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 36,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 767 адам оқшауланған.


Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «қызыл аймақта»  қалып отыр. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз