Жарнама
Жаңалықтар

Жыл басынан бері облыста 500-ге жуық «шалабай» дүниеге келген

Соңғы бес жылмен салыстырғанда өңірде нәрестелердің шала туу көрсеткіші төмендеген. Бұл туралы дүниежүзілік мерзімінен бұрын туған сәбилер күніне орай өткен конференцияда айтылды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Былтыр 11 326 сәбидің 502-сі мерзімінен бұрын дүниеге келсе, биыл 10 522 баланың 482-сі шала туылған.

–Бүгінгі конференцияда бас қосқан өңірдің неонатолог-дәрігерлері шалабайлардың күтімін талқылап, тәжірибиелерімен бөлісті. Жалпы облыста 25 неонатолог бар. Қазір облыстық перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімінде 10-ға жуық нәресте жатыр. Олардың арасында ең аз салмақта, яғни 690 грамм боп туылған шақалақ бар. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында, — деді облыстық перинаталдық орталықтың «нәрестелер» жансақтау бөлімінің неонатолог дәрігері Аслан Мұқанов.

Мамандардың айтуынша, елімізде 22 аптада 500 гр салмақта дүниеге келген сәбилер шала туылған болып есептеледі. Облыстық перинаталдық орталық тарихында дәрігерлер 450 граммдық сәбиге өмір сыйлағанын еске сала кетейік. Қазір оның жасы 13-ке келді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button