Жарнама
Жаңалықтар

Жүзден жүйріктер марапатталды

Атырауда өткен «Дарынды оқушы – ертеңгі елдің шамшырағы» іс-шарасында 2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша дарынды 15 оқушы, талантты 11 ұстаз және ең үздік 10 мектеп марапатталды.

7bb9485b 04f7 4447 b1b2 c910b4c5e80b

Сонымен қатар республикалық пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар байқаулары мен «Зерде» конкурсына қатысқан 95 оқушы Атырау облысы Білім беру басқармасы атынан Алғыс хатқа ие болды.

Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директорының орынбасары Жанар Сәрсенғалиева шара туралы: «Біздің орталық дарынды балаларды қолдау бағытында жұмыс істейді. Биыл орталықтың құрылғанына 5 жыл толып отыр. Тамыз кеңесіне орай республикалық және халықаралық кезеңдерде ІІ–ІІІ орын иеленген оқушыларды марапаттау жоспарланған. Сонымен қатар үздік мұғалімдер мен білім беру ұйымдары да марапатталады» – деді.

c06563d1 9131 4c79 baba 58b5a9a7afdf

Орталық мамандарының мәліметінше, соңғы бес жылда Атырау облысынан 300-ден астам оқушы республикалық деңгейде үздік нәтиже көрсетіп, 50-ге жуық оқушы халықаралық білім сайыстарында жүлдегер атанған.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button