Жаңалықтар
Жүзден жүйріктер анықталды
Өңірде талай жарыс та, байқау да, түрлі шаралар да өтіп жатыр.
Дегенмен, бұл доданың басқалардан айырмашылығы көп. Мұнда 8 – 17 жас аралығындағы ДЦП диагнозы қойылған, орталық жүйке жүйесі зақымдалған және омыртқасының ауыр жарақаттары бар, аутист балалар бочча спорт түрінен сынға түсті. Иә, кәдімгідей спортшылардай бір-бірінен асып түсуге тырысқан 20 қатысушы 5 диагноздары бойынша 5 категорияда жарысып, дарабоз атанып, жүлдеге жету жолында жанталасты.
Бағы мен бабы келіскен сайыпқырандар ВС1 категориясында Аят Мамай, ВС 2 — Нұрасыл Жігер, ВС3 — Мүслім Тұрмыс, ВС 5 — Айсұлтан Дүйсемалиев , Вс 7 –де Айназ Жексенбайлар ірінші орында қанжығаға байлап, Астана қаласына жолдаманы ұтып алды.
Рита Өтеуғали
Фото: Әнуар Әбілғазиев