Жуырда «Миялы-Жангелдин» көпірі ашылады
Қызылқоға ауданының тұрғындары үшін маңызды инфрақұрылым жобасы – «Миялы-Жангелдин» ауылдарының арасындағы көпір құрылысы қызу қарқынмен жалғасуда. Бұл жоба тұрғындардың қатынау мәселесін жеңілдетіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етпек.
Қызылқоға ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұзындығы 54,2 метр болатын көпір құрылысының жұмыстары «Атырауинжстрой» ЖШС мердігер мекемесіне жүктелген. Бүгінде 16 метрлік 132 дана қада қағылып, тіректер салынып, үстіңгі белдіктерін орнату жұмыстары толықтай аяқталған. Қазір көпірдің негізгі құрылымын нығайту үшін бетон құю жұмыстары атқарылуда.
-Жоспар бойынша көпір құрылысы 2025 жылы толығымен аяқталады. Алайда осы жылдың соңына дейін көпірді көлік қозғалысы үшін ашу көзделуде, — делінген баспасөз хабарламасында.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ