Жарнама
Жаңалықтар

Жуырда Атырау облысында қамыстан қағаз шығарылады

Облыстағы Құрманғазы ауданы — табиғи ресурстарға бай әрі туризмге сұранып тұрған өңір. Бүгінде ауданда 10-ға жуық демалыс орыны жұмыс істеп тұр. Көрші аймақтардан, жақын шетелдерден келетін туристер балық аулау, аңшылыққа шығаратын орындарға жиі барады. Аудан басшылығы туризм саласын одан әрі дамытудың жоспарын жасауға ниетті.

“Ауданымыз теңізге жақын орналасқандықтан қамыс көп екендігі белгілі. Бұл бағытта инвесторлар қызығушылық танытып, қамыс өнімінен қағаз шығаруға ынта танытуда. Бұл өндірісті жолға қоюға 90 млрд. теңге қаражат құя алатын кәсіпкерлермен келіссөздер басталып отыр. Егер инвесторлармен сәтті келісім жасалса, онда аудан халқына 500 орындық жұмыс көзі ашылады. Инвесторға зауыт салуға тиісті жер көлемі де көрсетілген. Енді инвестордың мамандарының зерттеп, сараптауынан кейін жұмыстың басталуы алыс емес”,- дейді аудан әкімі Абат Жанғалиев.

Айта кету керек, аудан басшылығы жалпы туризм мен табиғи өнімге сұранып тұрған Құрманғазы ауданына инвестиция құюға әзір кәсіпкерлерге көмек көрсетіп, қолдауға дайын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button