Президент «Nur Otan» атауын «Аманат» деп өзгертуді қолдады

220301121421061e Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Аманат» сөзінің мағынасы терең екенін, еліміздің тарихы мен мәдениетінде айрықша символдық мәні бар екенін, бұл өз кезегінде өшпейтін тәуелсіздіктің идеалдарын, қуатты мемлекеттілік пен ортақ ұлттық бірлік құндылықтарын білдіретінін атап өтті.

Сонымен қатар Президент Отанымыздың шексіз кеңістіктерін бабаларымыз бізге аманат еткенін сөз етті. Біз осы баға жетпес мұраны сақтап, нығайтуымыз керек. Осы тұрғыда біздің бабаларымыздың және болашақ ұрпақтың алтында қасиетті міндетіміз қамтылған.

«Сондықтан мен партиямызды ресми түрде «Аманат» деп атауды толық қолдаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Малик Унгалиеа

    Нұротан демократиялық құрылым болған емес, партия деп те айтуға келмейді. Шын мәгінде ол таза,әкімшілік және атқарушы биліктің бір уысқа шоғырланған,мемілекет тарапынан қаржыландырылып келген авторитарлық жүйе ресурсы. Меніңше қазіргідей саяси-әлеуметтік жағдайда Президенттің республика аймағындағы саяси кеңістікте бейтараптықты әділеттті болады. Сондықтан,партияның аты өзгеріп мағынасы сақталып қалу қоғамға ешнәрсе бермейді тек Президенттің деке басыга ғана пайдалы. Демек,әзірге саяси реформаны күтпеңдер дегені.